Офицердің мәлімдемесін Бірінші арнасы «Время покажет» бағдарламасында көрсеткен. Оны The Moscow Times басылымы байқаған.
«Теракт жасаушылардың санасын улаған. Соған қарағанда, психотропты заттар, нейропсихологиялық бағдарламалар бірге әсер еткен, тіпті чип орнатылған да болуы мүмкін. Қазір нейробиология адамдарды басқара алады» деп мәлімдеген Овчинский. Студияда отырған оның мұндай болжамына қарсы шықпаған.
Адамдарға чип орнату, соның көмегімен басқару – түрлі конспирологиялық теорияларда жиі көтерілетін тақырып.
22 наурызда кешке бірнеше адам Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт залына кіріп, адамдарды атқан, сосын ғимаратты өртеген. Кейінгі ресми мәліметтерге қарағанда, шабуылдан 144 адам қаза болып, 550-ден астам адам жараланған. Бірнеше күдікті ұсталған. Теракт жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алған.