Ссылки доступа

Тайваньда кейінгі 25 жылдағы ең ірі жел сілкінісі болды


Тайвань аралында жер сілкінісінен қисайған үйлер. 3 сәуір 2024 жыл
Тайвань аралында жер сілкінісінен қисайған үйлер. 3 сәуір 2024 жыл

3 сәуірде таңертең Тайваньда кейінгі 25 жылда ең ірі жер сілкінісі болды. Түрлі сейсмикалық агенттіктердің мәліметінше, жерасты дүмпуінің магнитудасы 7,20-ден 7,7 балл болған.

Тайвань билігінің хабарлауынша, жеті адам қаза болып, жеті жүзден астам адам жараланған. Құтқарушылар 77 адам үйінді астында қалуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Жер сілкінісі аралдың шығысында, Хуалянь қаласына жақын маңда болған. Телеарналар дүмпу салдарынан қисайып қалған ғимараттарды, лай көшін көрсетіп жатыр.

Аралдың солтүстігіндегі Тайбэй метросында да жер сілкінісі қатты сезілді. Метро біраз уақыт жабылған, бірақ кейін желілердің басым бөлігі қайта ашылған. Мәліметтерге қарағанда, Қытайдың оңтүстік-шығысында, тіпті Шанхайда дүмпу сезілген.

Жер сілкінісінен кейін Жапония, Филиппин аралдарында және Тайваньның өзінде цунами қаупі туралы ескерту жарияланған. Қазір ол қауіп сейілген.

Бұған дейінгі ең ірі жер сілкінісі Тайваньда 1999 жылы болған. Сол кезде жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,6 балл деп есептелген.

XS
SM
MD
LG