Бұның алдында Ресей армиясы қатты шығынға ұшырағанын Соғысты зерттеу жөніндегі америкалық институты мен Украина құрлық күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Александр Сырский мәлімдеген. Америкалық институт Бахмут түбіндегі текетірес тағы бірнеше айға созылуы мүмкін деп болжаған.
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остинның мәлімдеуінше, Ресей Бахмутты алған күннің өзінде, мұндай жағдай соғысты түбегейлі өзгерте алмайды. Оның пікірінше, Бахмутта алу жауласушы тараптарға елеулі басымдық бермейді.
Бахмут түбіндегі ұрыстың басталғанына жарты жылға жуық уақыт болды. Донецк облысындағы осы қалада соғысқа дейін 70 мыңға жуық адам тұрған. Қазір ол толық дерлік қираған. Ресей қолбасшылығы мен "ЧВК Вагнер" басшысы Евгений Пригожин кейінгі уақытта бірнеше мәрте Бахмутты қоршап алып, қарсыласты толық дерлік жойдық деп бірнеме мәрте мәлімдеген. Украин жағы болса қала қорғанысын ұстап тұрғанын айтып отыр.
Дүйсенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский армия қолбасшыларымен бірге жиналыс өткізді. Жиыннан шыққан соң ол Украина Бахмутты қорғай береді деп мәлімдеді.