Ссылки доступа

Түркімен әншісі Нәзір Хабибов тағы есірткімен ұсталды


Түркіменстанда танымал эстрада әншісі Нәзір Хабибов есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды.

2016 жылы әнші есірткінің заңсыз саудасы үшін сотталып, бір жарым бұрын ғана рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

Азаттықтың Түркімен қызметінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзінің айтуынша, Хабибов 23 наурызда Ираннан Түркіменстанға қайтып келе жатқанда шекарада ұсталған.

«Әнші Нәзір Хабибов тағы есірткімен ұсталды. Ол бірнеше күн бұрын Ираннан келе жатқан уақытта қолға түсті. Ховдан-Баджирган шекара бекетінде оның жеке заттарынан есірткі табылған» дейді дереккөз.

Әзірге әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз, бірақ күдікті қамауда отыр.

«Ол ІІМ қалалық басқармасының тергеу изоляторында отырғанын ғана білем» дейді дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы қазанда Нәзір Хабибов және тағы он азаматты түркімен телеарнасында көрсеткен. Сол кезде әнші есірткі қолданғанын мойындаған. Кейін оның 12 жылға сотталғаны мәлім болған.

2022 жылғы қарашада Хабибов рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG