Ссылки доступа

Еуразия ұлттық университеті "студенттерді сайлауға баруға міндеттегені" жайлы видеоға түсініктеме берді (видео)


Студентов вуза в Казахстане заставляют идти на избирательный участок на выборах президента
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

Қазақстанда ЖОО студенттеріне президент сайлауына  барып, дауыс беруге міндеттеп жатыр 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желіде тараған "студенттерді сайлауға баруға міндеттегені" жайлы видеоға түсініктеме берді. 

Видеода жатақхана қызметкерлерінің бірі студенттерді "сайлауға баруға міндеттегені" айқын көрінеді. Университет видеоның ЕҰУ жатақханаларының бірінде түсірілгенін растады.

"Университет басшылығы сайлауға міндетті түрде қатысуға шақыруға жол бермеу қажет деп санайды. Бұл қызметкермен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Университет өз қызметкерлері мен студенттерінің нанымына араласпайды және ҚР азаматтарының заңда көзделген барлығын құқығын қатаң сақтайды" деп жазылған университет таратқан хабарламада.

Осыған дейін Qumash телеграм-арнасында ЕҰУ жатақханаларының бірінде студенттерді "сайлауға баруға міндеттегені" жайлы видео тараған. Видеода жатақхана қызметкеріне ұқсас әйел адам студенттер жиналысында "осы жерде тұрғасын, сайлау учаскесі осында болғасын түске дейін дауыс берулеріңіз керек" дейді. Ол 20 қарашада өтетін президент сайлауында жатақхана тұрғындарына "қалай-болса солай киініп шықпау қажеттінін" алға тартып, "араларыңызда барғым келмейді, қатысқым келмейді дегендер бар шығар. Мұндай болмауы тиіс" дейді әйел.

"Сайлау туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге тыйым салынған. Елде бұған дейінгі сайлауларда студенттерді сайлауға баруға міндеттеу оқиғалары кездескен. Билік көбіне мұндай оқиғалар барын мойындамайды.

Елде кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Көптеген сарапшылар сайлау нәтижесі алдын ала анықталып қойған, билік президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы бәсекелес болатын адамдарды түрлі амалдармен сайлауға жібермеді деп санайды.

XS
SM
MD
LG