Ссылки доступа

Ресейде заңсыз мигранттардың балалары мектепте оқи алмайды


Ресей елде заңсыз жүрген еңбек мигранттарының тізімін дайындап жатқанын ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горовой "Коммерсант" газетіне мәлімдеген.

Осы тізімдегі мигранттар "көлік жүргізбейді, банк қызметін пайдалана алмайды, некеге тұрмайды, некесін бұзбайды, балаларын мектеп пен балабақшаға тіркей алмайды".

Мұндай тізімнің қашан дайын болатыны әзірге белгісіз.

Горовойдың айтуынша, 2024 жылы 1 желтоқсаннан бастап Мәскеу әуежайларында Ресей аумағына кіретін шетел азаматтарын суретке түсіріп, олардың саусақ табын алады.

Дәл осындай тәртіп Қазақстанмен шекаралас Орынбор облысындағы шекара бекетіне де енгізіледі.

Шенеуніктің айтуынша, қазір Ресейде 6 млн 174 мың шетел азаматы жүр. Олардың көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қытай және Түркіменстан азаматы.

XS
SM
MD
LG