Ссылки доступа

Нетаньяху Иранға қарсы АҚШ пен Израильдің «Авраам альянсын» құруды ұсынды


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сәрсенбі күні АҚШ Конгрессінде сөйледі. Ол Иранды Таяу Шығыс пен әлемдегі басты қауіп деп атады.

Нетаньяху АҚШ-ты Израильмен бірге Иран қаупіне қарсы әскери альянс құруға шақырды. Бұған қоса ол АҚШ-тан Израильге әскери көмек жеткізуді тездетуді сұрап отыр. Сонда ғана Израиль Газа секторындағы ХАМАС тобын толық құрта алады.

Нетаньяху ХАМАС содырларының былтыр 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне қалай шабуылдағанын сипаттап берді. Осы уақытта залда ХАМАС содырлары қолында тұтқында болған Ноа Аргаман отырды.

Нетальяху Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысын өркениет пен варварлық қақтығысы деп атап, терризм Израиль, АҚШ және араб әлеміне қауіп төндірі тұр деп мәлімдеді.

Ол Иранды радикал исламды қозғаушы басты күш деп атап, оған қарсы әскери альянс құруға үндеді. Нетаньяху Abraham Accords («Авраам келісімі») бастамасын тілге тиек етіп, альянсты «Авраам альянсы» деп атауды ұсынды. Израиль кезінде «Авраам келісімі» нәтижесінде БАӘ, Судан, Бахрейн және Мароккомен қарым-қатынасын жақсарта алған.

XS
SM
MD
LG