"Мұндай шешім жаппай жою қаруларын таратуда дрондарды қолдануға жол бермеу мақсатында қабылданды" деп жазылған мәліметте.
Министрліктің бұл мәлімдемесі АҚШ пен одақтастары Қытайды Ресейге әскери тауарларды "жеткізіп жатқаны үшін" сынға алып жатқан тұста жасалды.
Бір күн бұрын АҚШ-тың қаржы министрлігіне қарайтын активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Иранның баллистикалық зымырандар және дрондар бағдарламасы үшін негізгі компонеттерді сатып алуға жәрдем беріп жатқан компанияларға (оның ішінде қытай компаниялары бар) санкция салған.
НАТО лидерлерінің шілденің басында жариялаған бірлескен декларациясында Ресейдің Украинаға қарсы соғысыда Қытай "шешуші фактор" екені, себебі Бейжіңнің Мәскеумен "шексіз" әріптестігі және оның "Ресейдің қорғаныс өнеркәсіп базасын кең масштабта қолдау" – Мәскеуге соғысты үзартуға мүмкіндік туғызып жатқанын мәлімдеген.