Ссылки доступа

Бен Ходжес: АҚШ құпия құжаттарының жария болуы Украина қарымта шабуылына кедергі емес


Бен Ходжес
Бен Ходжес

АҚШ-тың Еуропадағы армиясының бұрынғы қолбасшысы Бен Ходжес "Америка дауысына" берген сұқбатында Пентагонның құпия құжаттарының әлеуметтік желілерде жариялануы Украинаның қарымта шабуылына кедергі болмайтынын айтты.

Оның пікірінше, құпия құжаттардың жария болуынан АҚШ жағы зардап шекті, себебі өзінің "осал тұсын" көрсетіп қойды.

Бұрынғы қолбасшының айтуынша, Штаттар жағы Оңтүстік Кореядағы әңгімелерді құпия тыңдаған деген болжамға негіз болатын ақпараттың зардабын тартады.

"АҚШ Оңтүстік Корея үкіметінің ішкі әңгімелерін тыңдаған болуы мүмкін. Штаттар Оңтүсік Корея қару-жарақты сатуға келісер-келіспесін білгісі келген. Келіскен жағдайда, оны тікелей Украинаға жөнелткісі, немесе Украина жіберілгеннің орнына бергісі келген. Біздің Оңтүстік Корея үкіметінің әңгімелерін құпия тыңдайтыным зор соққы болып отыр", - деп есептейді Ходжес.

Америкалық New York Times басылымы 6 сәуірде АҚШ пен НАТО-ның Украинаның қарымта шабуылы қарсаңында оның әскерін нығайту жоспары твиттер мен телеграмда жария болғанын хабарлады.

Украина президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк батыс одақтастарының құпия құжаттарының жария болып кетуін Ресей арнайы қызметінің "әдеттегі ойыны" деп атады.

XS
SM
MD
LG