Ссылки доступа

NBC: Джо Байден президент сайлауына тағы да түсуді көздеп отыр


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

АҚШ президенті Джо Байден NBC телеарнасына берген сұхбатында алдағы президент сайлауына тағы да түсуді көздеп отырғанын айтты. АҚШ президенті 2024 жылы сайланады. Әзірге АҚ үй бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

NBC эфирінде Байден қайта сайлануды жоспарлап отырғанын, әзірге бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасамайтынын айтты. Байденнің Ақ үйдегі кеңесшілері оның сайлау компаниясына дайындықпен шұғылданады.

Джо Байден мүшелік ететін Демократиялық партия президенттік сайлауға түсуге дайын тұрған өзге саяси тұлға ұсынып отырған жоқ. Республикашылдар партиясынан 2017-2021 жылдары АҚШ президенті болған Дональд Трамп кандидат болуы мүмкін. Алайда Трамптың мойнында "Конгреске басып кірмек болғандарды қолдады", "сайлау қорының ақшасын өзге мақсатқа пайдаланды" дейтін айыптар бар.

Флорида штатының губернаторы Рон Десантис те республикашылдар атынан кандидат болуы мүмкін деген болжам бар.

Джо Байден 2021 жылы АҚШ-тың 46-президенті болып сайланған. Ол – АҚШ тарихындағы ең егде президент. Қазір 80 жаста. Қайта сайланатын болса, президенттік мерзімі аяқталар тұста 86 жасқа толады.

XS
SM
MD
LG