Байденнің айтуынша, әкімшілік қауіпсіздік органдарының есебімен танысқан. Қазір федералдық тергеу бюросы зерттеу жүргізіп жатыр. Әзірге «қылмыскер мотиві туралы мәлімет аз, бірақ кім атқаны белгілі».
«Сол себепті мен ешкімді орынсыз айыптамауға кеңес беремін, федералдық тергеу бюросы жұмыс істесін» дейді Байден.
Бұған қоса, Байден АҚШ құпия қызметіне экс-президент және кандидат Трампты қорғауды тапсырды. Осы қызмет республикалық партияның 15 шілдеде басталатын съезінде қауіпсіздікке жауап береді. АҚШ ұлттық қауіпсіздік министрлігі шабуылға қатысты тәуелсіз зерттеу жүргізеді.
13 шілдеде кешке АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында митинг кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалды. Шабуыл кезінде республикашылдар атынан президенттікке үміткер жеңіл жараланды.
Митингіде Трамптың құлағына оқ тиген, тағы екі адам жараланған. Оқ атқан адамды сол жерде өлтірді. Оның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені мәлім.