Ссылки доступа

Ресей Украинадағы соғыста бір тәулікте 600-ден аса жауынгерінен айрылды


Бахмут тұбінде украин танкінен атылған оқ. 2023 жылғы 26 наурыз.
Бахмут тұбінде украин танкінен атылған оқ. 2023 жылғы 26 наурыз.

Ресей әскері өткен тәулікте 610-ға жуық жауынгерінен айрылды, деп хабарлады 27 наурызда Украина Қарулы күштері бас штабы.

Украин қолбасшылығының мәліметінше, Ресей 2022 жылғы 24 ақпаннан бері 171 160 жауынгерінен айрылған.

Бас штаб Ресейдің соғыста жойылған техникасы туралы мәлімет жариялады: 3 595 танк, 6 953 әскери берен машина, 2 638 артиллериялық жүйе және 523 реактивті жүйе.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 18 ақпанда Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі конференцияда Ресейдің 200 мың жауынгері Украинаға қарсы соғыста өлді не жараланды деп мәлімдеген.

2022 жылғы қарашада АҚШ штабтары басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы генерал Марк Милли Ресейдің кем дегенде 100 мың жауынгері соғыста өлті не жараланды деп айтқан.

Ресей соғыста өлгендер туралы мәліметті жасырып отыр. Ресей қорғаныс министрлігі мұндай мәліметті соңғы рет 2022 жылғы 21 қыркүйекте жариялаған. Министрліктің алты ай бұрынғы дерегінше, соғыста 5937 адам өлген.

XS
SM
MD
LG