Ссылки доступа

Wyborcza: Ресей тыңшылары Польшада Украинаға қару таситын жолдарды бақылаған


Польша ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері Ресей арнайы қызметіне жұмыс істейтін, елде тыңшылық жасаған алты шетел азаматы ұстады. Бұл туралы жергілікті Wyborcza газеті хабарлады.

Басылым мәліметінше, агенттік қызметкерлері темір жолдар мен тораптарда орнатылған жасырын камераларды тапқан. Ол камералар пойыздардың қозғалысын бақылап, мәліметті интернет арқылы жолдаған.

RMF FM мәліметінше, мұндай камералар Подкарпатье аймағында, Jasionka әуежайы маңында орнатылған. Батыс елдерінің Украинаға жөнелтіп жатқан қару-жарақтары осы жолдармен жеткізіледі.

Dziennik.pl порталының хабарлауынша, осы оқиғадан соң темір жол желілерінде және ұлттық маңызды инфрақұрылымдарда қауіптен сақтану туралы ескертулер жарияланған. Арнайы қызмет пен полиция дайындығы күшейтілген.

Польша ІІМ Ресей тыңшыларына қатысты толық мәліметті 16 наурызда таратуға уәде берді.

XS
SM
MD
LG