Тәртіпсіздік Халл, Ливерпуль, Бристол, Манчестер, Сток-он-Трент, Блэкпул, Белфаст қалаларында болды. Олар дүкендерді тонап, полицияға қарсы шыққан.
Британия премьер-министрі Кир Стармер "жеккөрушілікті қоздыратын экстремистік әрекеттерге қарсы" шара қолданып жатқан полицияға "үкімет тарапынан толық қолдау болады" деп уәде берді.
29 шілдеде Саутпорт би студиясында үш қыздың өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздік белең алды. Тағы ондаған адам жарақат алған. 17 жастағы жасөспірім күдікті ретінде қамауға алынды.
Әлеуметтік желіде қыздарға шабуыл жасаған мигрант, ол әрі радикалды исламның өкілі екені жарияланғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік белең алды. Полиция бұл ақпараттың жалған екенін, күдікті Аксель Рудакубана Британияда туғанын, ата-анасы Руандадан шыққанын хабарлады.