ЕО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері бұл жоспарды апта басында мақұлдаған.
"Еуропа одағы ЕО-ға мүше барлық елдердің қауіпсіздік және қорғаныс мүддесін есепке алып, Украинаға шұғыл түрде "жер-жер" классындағы қару-жарақтарды, артиллериялық снарядтарды және зымырандарды жеткізу бойынша келісімді мақұлдайды", - деп жазылған мәлімдемеде.
Бұдан бөлек онда Ресей агрессиясын тоқтатып, тез арада Украинаның халықаралық қауымдастық тарабынан танылған аймағынан әскерін толық шығару қажеттігін атап өткен.
22 наурызда Украинаға бірлесіп қару-жарақты сатып беру бойынша Еуроодақ келісіміне Испания да қосылатыны белгілі болды. ЕО-ның бұл жоспарына қосылған елдер саны 18-ге жетті.