Иброхим Ахмадов "алаяқтық" және "заңсыз миграцияны ұйымдастыру" баптары бойынша айыпталып жатыр. Тәжікстанның ішкі істер министрлігі бұл істе 150-ге жуық адам жәбірленгенін айтады.
Жәбірленушінің бірі Кароматулло Назаров аталған компанияға 18 мың сомони төлеп, далада қалғанын білдірді.
"2023 жылдың қазан айында әлеуметтік желіден "Даври истиклол" компаниясының жарнамасын көрдік. Олар үш ай ішінде Англияға жұмысқа тұрғызуға уәде етті. Ақшаны төледік. Бірақ әлі ешқандай хабар жоқ",- деді ол.
Осының алдында Британияның Тәжікстандағы елшілігі жұмысқа орналастыру бойынша алаяқтық дәйектерін көбейіп жатқанын айтып, азаматтарды тек заңды жолмен ғана шығуға, желідегі әртүрлі жарнамаға сенбеуге шақырған.