Ссылки доступа

Яков Милатович Черногория президенті атанды


Яков Милатович
Яков Милатович

Черногорияда президент сайлауының жексенбі күні өткен екінші турында экономист Яков Милатович жеңіске жетті. Ол мемлекет басшысы қызметінде Мило Жукановичтің алмастырады.

3 сәуірге қараған түні Милатович сайлаушылардың 60 пайыз дауысын жинағаны мәлім болды.

37 жастағы Милатович бұрын экономика министрі болған. Ол сайлау қарсаңында жемқорлықпен күресуге, халықтың жағдайын жақсартуға уәде берген. Жеңіске жеткеннен кейін жақтастары алдында сөйлеген жаңа президент бес жыл ішінде Черногорияны Еуроодаққа қосатынын мәлімдеді. Бұл ел ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесін 2008 жылы алған.

Саяси науқанға сайлаушылардың шамамен 70 пайызы қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі жақында жарияланады.

XS
SM
MD
LG