Ссылки доступа

Нүкістегі наразылықтың 39 қатысушысының соты басталды 


В СИЗО в Узбекистане умер Полат Шамшетов, сын первого и единственного президента Каракалпакстана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00

Өзбекстан абақтысында Қарақалпақстанның бірінші және жалғыз президентінің ұлы Полат Шамшетов қайтыс болды. 

Бұхара облыстық сотында Нүкістегі наразылық ісі бойынша айыпталған 39 адамның соты басталды. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы соты мәлімдеді.  

Қамаудағылардың арасында 20 адамға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген, ал жетеуіне қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдар таратты деген айыптар тағылды.

Бұдан бөлек жеті адам екі және одан да көп адамның денсаулығына зиян келтірді деген күдікке ілінсе, төртеуі заңсыз қару-жарақ сақтады деп айыпталып жатыр.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі айыпталушылардың арасында банктің заңгері, адвокат, журналистер, жүргізушілер және жұмыссыздар бар екенін жеткізді. Олардың бәрі қазір қамауда отыр.

31 қаңтарда Бұхарада Қарақалпақстандағы наразылықтың 22 қатысушысының соты өткен. Акциялардың басты ұйымдастырушысы ретінде күдікке ілінген журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов 17 жылға сотталды. Сот тағы 15 адамды үш жылдан сегіз жарым жылға дейін еркінен ажыратты.

Былтыр 1-2 шілдеде Қарақалпақстан орталығы Нүкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстан Конституциясынан республиканың егемендігі мәртебесі туралы бапты алып тастауға қарсы шыққан.

Митингтер күшпен басылды, қан төгілді. Өзбек билігі 21 адам қаза тапқанын, 243 адам жараланғанын хабарлаған. 500-ден астам адам қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG