Ссылки доступа

Түркияның Тәжікстандағы елшісі виза мәселесі туралы: «Біз тәжіктердің қиналғанын қаламаймыз»


Умут Аджар
Умут Аджар

Тәжікстан билігінің мәлімдеуінше, Түркия Тәжікстан азаматтарына Душанбеге ескертпестен виза тәртібін енгізу арқылы асығыс шешім қабылдады.

Неге бұлай болды? Азаттықтың Тәжік қызметі осы сауалды Түркияның Тәжікстандағы елшісі Умут Аджарға қойды.

«Менің ойымша, мұнда бір түсінбеушілік болған. Виза тәртібін енгізу туралы шешім мен Тәжікстанға оны ескерту екі түрлы процесс. Шешім қабылданып, оған президентіміз 5 сәуірде қол қойды. Ресми түрде ертесіне, 6 сәуірде жарияланды. Шешім ресми баспасөзде жарияланнан бастап күшіне енді. Сол себепті біз мемлекет басшысының рұқсатынсыз тәжік жағына ескерту жолдай алмадық. Шешім қабылданғаннан бір күннен кейін Тәжікстан сыртқы істер министрлігіне 20 сәуірден виза тәртібі күшіне енетіні туралы ескерттік. Министрлік осындай мәліметті баспасөз арқылы да таратты» дейді елші.

Умут Аджардың айтуынша, елде виза тәртібін енгізудің екі себебі бар: заңсыз миграциямен күрес және қауіпсіздік мәселесі. «Әлбетте, Анкара шешім қабылдаған уақытта осыларды ескеркен. Сонымен бірге Түркия басқа да елдерге транзиттік виза енгізіп отыр. Тәжікстан азаматтарының Түркияда, Иранда, еуропалық елдерде және Мәскеуде болған террористік шабуылдарға қатысқаны туралы мәліметтер Түркияны ғана емес, әлемнің басқа да елдерін алаңдатып отыр».

«Түркия қауіпсіздік органдары қол қусырып қарап отыра алмайды. Жағдай нақты анықталғанша виза тәртітін енгізу қажет болды. Шешім мақсаты – бауырлас тәжік халқына Түркияға сапарлап баруын қиындату емес. Біздің мақсат – виза тәртібін мейлінше тезірек жойып, әріптестікті арттыра түсу» дейді Түркияның Тәжікстандағы елшісі.

XS
SM
MD
LG