Ссылки доступа

Дереккөздер: Ауғанстанның Ташкенттегі елшілігі Талибанға тапсырылды

Өзбекстан президентінің ресми өкілі Абдуләзіз Комилов пен Талибан сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттаки. Кабул, 19 маусым 2022 ж.
Өзбекстан президентінің ресми өкілі Абдуләзіз Комилов пен Талибан сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттаки. Кабул, 19 маусым 2022 ж.

Кабулдағы дереккөздердің хабарлауынша, Ауғанстанның Ташкенттегі елшілігі Ислам Әмірлігіне тапсырылды. Өзбек билігі әзірге осыған қатысты ресми мәлімет таратқан жоқ.

AIP ауған агенттігінің дереккөздеріне сүйене отырып хабарлауынша, Ислам Әмірлігі өкілдерін Ташкентке жіберіп, сол жерде ресми шара өткізген.

Жарты жыл бұрын Ауғанстан СІм Маулви Магфурулла Шахаюты Ташкентке Ауғанстан елшілігінің өкілі ретінде жіберген. Кейін Ауғанстан СІМ Маулвиді елші қызметін атқарушы етіп тағайындағаны мәлім болды. Жақында оны елшілік қызметкерлеріне елші ретінде таныстырған.

Ол енді Өзбекстан елшілігіндегі істерге, ресми кездесулер өткізуге жауап береді.

Маулви Магфурулла Шахаб бұрынғы елші Ахмад Халид Эльманың құзыретті мерзімі аяқталғаннан кейін осы қызметке кіріскен.

Маулви Магфурулла Шахаб — Ауғанстан тау-кен және мұнай министрі Маулви Шахабуддин Дилавардың ұлы.

Ислам Әмірлігі өз өкілдерін 17 елге жіберген.

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшілігі әлі күнге дейін тәліптерге тапсырылған жоқ. Алайда біраз уақыт бұрын Ауғанстан Ислам Әмірлігінің өкілдері Ауғанстанның Бадахшандағы консулдығында болған.

Бұған дейін бірнеше ел Ауғанстанға дипломаттарын жіберген. Екі күн бұрын баспасөзде АҚШ та Кабулдағы консулдық қызметін қайта жандандыру мәселесін қарап жатқаны мәлім болды.

2023 жылғы қазанда Өзбекстан делегациясы Ауғанстанға барды. Талибан әкімшілігі өзбек билігінен ауған тауарын Өзбекстан арқылы транзиттеу ақысын азайтуды сұрады. Тараптар сауда көлемін бір жылда 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG