Ссылки доступа

Түркіменстандықтар жан бағу үшін қан тапсырып жатыр


Түркіменстанда экономикалық қиындық кезінде Лебап облысында донор ретінде қан тапсырушылар саны көбейген. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі жергілікті дәрігерлерге сілтеме жасап хабарлады.

"Түркіменабад қаласында тұрмысы төмен отбасылар арасынан қан тапсыруға келетіндер көбейді. Олар тапсырған қаны үшін алатын ақшаға азық-түлік сатып алып жатады. Соңғы кездері олардың саны көбейді", - деген жергілікті дәрігерлердің бірі.

Оның сөзінше, қан тапсыруға бір отбасынан екі-үш адамнан келеді.

Түркіменстанда экономикалық дағдарыс соңғы жеті жылдан бері жалғасып келеді. Көбі жұмыс іздеп, басқа елдерге кетуге мәжбүр болады.

XS
SM
MD
LG