Ссылки доступа

"Қолдан ұйымдастырылған қысым": Ресейде еңбек мигранттарына патент беру ісі баяулап кетті (видео)


В России сильно замедлили выдачу мигрантам патентов: зачем нужны огромные очереди?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:36 0:00

В России сильно замедлили выдачу мигрантам патентов: зачем нужны огромные очереди?

«Крокус» концерт залына жасалған шауылдан кейін Мәскеуде Орталық Азиядан келген мигранттарға патент беру ісі баяулаған. Осындай құжатсыз Ресейде жұмыс істеуге тыйым салынған.

Миграция орталықтары алдында адам көп: мигранттар күні бойы, кейде апталап кезек күтуге мәжбүр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, Ресейдегі шенеуніктер мигранттарға қысымды одан сайын күшейту үшін осындай кезектерді қолдан жасап отыр.

Ростов. Миграция орталығы алдындағы кезекте жүздеген адам екі аптадан бері тұр. Адамдар жаңбыр жауса да осы жерден кетпейді. Олардың бірқатарының патент ала алмай жүргеніне бір аптадан асқан. Кезек күн өткен сайын ұзарып барады.

«Он күн бойы кезекте тұрған адамдар бар. Мұнда күндіз-түні кезек. Күніне елу, ары кетсе жүз адам патент туырлап үлгереді» дейді өзбек мигранты.

Оның айтуынша, Мәскеудегі шабуылдан кейін Ростовтағы орталық жұмысы бірден баяулаған. Ол еңбек патентіне өтініш өткізу үшін үш күн тұрған. Енді құжаттың өзін бір айдан бері ала алмай жүр.

«Мен 3836-адам болып кезекке тұрдым. Менен кейін тағы көп адам бар. Менің кезегім жақындаған уақытта күтпеген жерден ол кезекті жойды. Тағы кезекке тіркелуге мәжбүр болдым» дейді мигрант.

Осыған ұқсас жағдайды Ресейдің басқа да қалаларында байқауға болады. Мигранттар өз елінің елшіліктеріне шағымданған.

Ал Ресей ІІМ миграция орталықтарында кезек көбейгенін маусым кезінде мигранттар көбейгенімен түсіндіріп отыр. Құқық қорғаушы Валентина Чупик оған сенбейді. Оның пікірінше, шенеуніктер еңбек мигранттарына қысымды күшейту үшін түрлі қиыншылықты қолдан ұйымдастырып отыр.

XS
SM
MD
LG