Саясаткер 18 мамырда 67 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан қаза болған. Туыстары оның соңғы уақытта үйінен шықпай, ешкіммен сөйлеспей қалғанын айтады.
Рахматилло Зоиров Тәжікстанның баламалы Конституция авторларының бірі болған.
Саясаткер 1998 жылы "Әділет және даму" деген партия құрған. Бірақ ол партия билік тарабынан жабылды. Зоиров 2001-2003 жылдары президенттің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі болып істеген.
Зоиров елдегі өзекті мәселелерді ашық айтып келген.