Ссылки доступа

БҰҰ Газа секторындағы Рафахта азық-түлік таратуды уақытша тоқтатты


БҰҰ қауіпсіздіктен және гуманитарлық көмектің жетіспеуінен Газа секторының оңтүстігінегі Рафах қаласында азық-түлік тарату уақытша тоқтады.

Бұл туралы ұйымның Палестина босқындарына көмек көрсету бойынша Таяу Шығыстағы агенттігі "X" әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Халықаралық қауымдастықтың ескертуіне қарамай, Израиль армиясы мамыр айынан бастап Рафахта әскери әрекеттер жүргізіп, әуеден соққы беріп келеді.

БҰҰ мәлімдемесіне қарағанда, 6 мамырдан бері Рафахтан 900 мыңдай адам шығып кетті. Олар Газадағы "Әл-Мавази" лагеріне орналасты. Бұл жерді Израиль армиясы "гуманитарлық аймқ" ретінде жариялаған. Рафахта тағы 400 мыңдай адам бар.

XS
SM
MD
LG