Ссылки доступа

OpenAI компаниясы ChatGPT дауыс режимін қосты


OpenAI компаниясы ChatGPT'дің дауыс режимін қосты.

Қазір дауыс режимі аз ғана қолданушыларға қолжетімді.

Биыл жазда жасанды интеллекттің "атасы" деп есептелетін Джеффри Хинтон Google компаниясынан кеткенін мәлімдеді. Ол жасанды интеллектің жайылуы адам еңбегін қолданатын мамандықтың азаюына әкеледі деді.

Былтыр желтоқсанда The New York Times газеті Кремний жазығындағы жасанды интеллект саласында істеген мамандардың болжамына негізделген сараптама мақаласын жариялаған.

Ондағы анализге сәйкес, жасанды интеллект салдарынан адамзаттың жойылып кету қауіпі 20-30% құрайды.

Биыл маусымда OpenAI секілді бірқатар компаниялардың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері жасанды интеллект адамзаттың жойылуына алып келетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG