Ссылки доступа

Камала Харристің алғашқы сайлауалды видеосы жарияланды


АҚШ вице-президенті, Демократиялық партия атынан президенттікке мүмкін үміткер Камала Харрис сайлауалды алғашқы видеосын жариялады. Бір минөттік роликте қару-жарақ, түсік жасату құқығы және медициналық сақтандыру жайында айтылған.

Видеоның басты тақырыбы – "еркіндікке" шақыру (видеороликте "бостандық" сөзі 12 рет айтылған). Вице-президент қару-жараққа қатысты зорлық-зомбылықтан бостандыққа шақырды. Ол сонымен бірге адам өзінің тәнінің қожайыны екенін еске салды. Харрис бірде-бір бала кедейшілікте өмір сүрмейтін, әрбірі медициналық көмекті ала алатын болашақты таңдайтынын мәлімдеді.

Трамп жақтастары Харристі радикалды солшыл идеологиямен ойнап отыр деп айыптады. Трамп New York Post басылымына берген сұқбатында Харристі "ойсыз, зәрлі" деп айыптаған.

Камала Харрис президенттікке үміткер ретіндегі алғашқы сөзінде Дональд Трампты жеңуге уәде берген.

XS
SM
MD
LG