Ақпаратқа сәйкес, 22 сәуірде мигрант екі вело шабандозды көлігімен кесіп өтіп, сыртқы киімін сынаған.
Вело шабандоздың бірі Ирина Алексеева Meta Fight ютуб каналына берген сұқбатта жүргізуші олардың қысқа шалбар кигеніне тиісіп, Душанбеде қыз-келіншектер олай жүрмейтінін ескерткен.
Келесі күні 23 сәуірде жүргізушіні ұстаған. Полиция мәліметінше, ол Тәжікстаннан жұмыс істеп, ақша табу мақсатында келген. Ол Ресейде заңды жүріп-тұрған екен.
Шабуыл жасаған жүргізуші жақын арада Тәжікстанға депортацияланбақ.