Ссылки доступа

Тәжікстанда діни партияның мүшесі түрме ауруханасынан қайта камераға жөнелтілді


Зубайдулло Розик
Зубайдулло Розик

Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының белсендісі, 82 жастағы Зубайдулло Розик 11 қыркүйекте ауруханадан Вахдат түрмесіне ауыстырылған.

Тамыз айының басында ол ауруханаға жатқызылған. Бірақ әділет министрі оның сырқат емес екенін айтқан.

Зубайдулло Розиктың ұлы әкесінің шын мәнінде сырқат екенін айтып, әкесіне дәрі-дәрмек керек екенін мәлімдеді.

Зубайдулло Розик әскери бүлікке қатысты деген айыппен 2015 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылған.

Тәжікстан түрмелерінде 13,5 мыңнан астам адам бар және 2023 жылы абақтыда 53 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG