Ауа сапасын зерттейтін IQAir индексі нәтижесі Ташкенттің ауа тазалығы 101-150 деңгейге жеткенін көрсеткен. Бұл созылмалы өкпе ауруымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті болып саналады.
Мәселен 17 қазанда "Узгидромет" ауада шаң-тозаңның көптігінен тұрғындарға мүмкін болса үйінде қалуға немесе көшеге маска тағып шығуға кеңес берген.
"Ташкентте ауаның ылғалдығы төмен болғандықтан, шаң-тозаңның көтерілуіне себеп болады. Мұны төмендету үшін қаланы көгалдандыру қажет. Біз қазір гиганттық жуындыда өмір сүріп жатырмыз. Ақшаны түрлі жәрмеңкелерге босқа шашпай, ауаны тазартатын жолдарды қарастыру керек", - дейді биолог Бахтиёр Абдугафур.
"Узгидрометтің" баспасөз хатшысы Мунисахан Асалходжаева шаң-тозаңның көбеюін қалада құрылыстың қарқынды жүріп жатқанымен байланыстырады.
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Өзбекстанда ауа ластығынан әрбір 100 мың адамның 81-і қайтыс болады.