Ссылки доступа

Пәкістан Иран аумағындағы нысандарға қарымта соққы жасады


Пәкістан сыртқы істер министрлігі
Пәкістан сыртқы істер министрлігі

Пәкістан Иран аумағындағы жеті нысанды атқылады. Бұл туралы CNN телеарнасы Пәкістан қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне сүйене отырып хабарлады.

Пәкістан СІМ мәлімдемесінде Исламабад «Иранның Систан және Белуджистан провинцияларында содырлар тығылған орындарға соққы жасағаны» айтылған. Бірнеше адам өлтірілді деген мәлімет бар.

Пәкістан Иранды бауырлас ел деп атап, оның егемендігі мен аумақ тұтастығын сыйлайтынын мәлімдеген.

Систан және Белуджистан провинциясы губернаторының орынбасары Әлиреза Мархамати бейсенбі күні таңертең Сераван қаласына жасалған соққыдан кем дегенде жеті адам өлгенін айтқан. Шенеунік мәліметінше, қаза болғандар арасында үш әйел және төрт бала бар.

Mehr агенттігінің мәліметінше, шабуыл зымырандар мен дрондармен жасалған.

Бұның алдында Иран билігі Пәкістан, Ирак және Сириядағы нысандарға соққы жасаған. Билік белудж жікшілдерінің мүддесін қорғайтын "Джейш әл-Адль» тобын атқыладық дейді. Бұл ұйым Пәкістанды мекендейді.

XS
SM
MD
LG