"Израильдің Газа секторында жүріп жатқан соғыс үшін құқықтық, саяси және моральдық жауапкершіліктің бір бөлігі ХАМАС-тың мойнында. Біз ХАМАС-ты ең жоғарғы ұлттық мүддесін бірінші орынға қоюға және басқыншыл билікке қырғынды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермеуге шақырамыз", - деп айтылады Махмуд Аббастың әкімшілік мәлімдемесінде.
ХАМАС-қа қатысты мәлімдеме Израиль қорғаныс күштері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис аймағында соққы жасағаннан кейін жариялады.
Әуеден шабуылдан қаза болған кемінде 90 адамның жартысы әйелдер мен балалар екені, бұдан бөлек тағы 300-дей палестин жарақат алғаны хабарланды.
Израиль өкілдері бұл шабуылды "хамасшылар ғана топталған, қарапайым тұрғындар жоқ, ашық жерге" ұрылғаны, мақсаты ХАМАС (АҚШ және Еуропа одағы террористік деп жариялаған) басшыларының бірі Мохаммед Дейфти және Хан-Юнистегі бригада командирі Рафа Саламаны жою болғанын, олар қарапайым тұрғындар арасында жасырынуға әрекет еткенін, бірақ соққы барлау мәліметі негізінде жасалғанын білдірді.
Израильдің сенбі күнгі операциясы Газада соғыс басталғаннан бергі ең қанды оқиғаның бірі болып қалды.
ХАМАС болса командирлері жойылғаны туралы ақпаратты теріске шығарып, Израиль "шабуылдың масштабын жасыру үшін нақты емес мәлімет таратып жатқанын" айтты.