Ссылки доступа

Рим папасы мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді


Папа римский с президентом Казахстана
Папа римский с президентом Казахстана

Рим папасы Франциск үш күндік мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді.

Құрметті қонақты әуежайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтік алды. Олар жүздесу сәтінде қысқа ғана әңгімелесті. Кейін Франциск кортежі Тоқаев резиденциясына қарай беттеді. Сол жерде Рим папасын салтанатпен күтіп алды. Одан соң келіссөз басталды, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Сапар аясында Франциск Нұр-Сұлтанда осымен жетінші мәрте ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысады. Екі күнге созылатын форумға әлемнің елу елініне жүз шақты делегация жиналады. Ватикан жоспарлағандай, Рим папасы бұл жолы Ресей патриархы Кирилмен кездесе алмайтын болды. Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіруін әлі күнге дейін жақтап жүрген Ресей православ шіркеуінің басшысы Нұр-Сұлтанға келуден жақында ғана бас тартты, деп жазды DPA агенттігі.

Понтифик Қазақстанға президент Тоқаевтың шақыртуымен келді. Франциск – республикаға келген екінші рим папасы. 2001 жылы Қазақстанға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен II Иоанн Павел келген.

Франциск Қазақстан астанасында діни рәсім өткізіп, азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі, деп жазды Француз халықаралық радиосы.

Тізесі ауыратынына байланысты көбіне мүгедек арбасымен қимылдайтын 85 жастағы понтифик биыл осымен үшінші мәрте шетелге шығып отыр. Бұның алдында ол Мальта мен Канадаға барған.

XS
SM
MD
LG