Ссылки доступа

Грузия парламенті "шетел агенті" заңына қойылған вето бойынша 28 мамырда дауыс беруі мүмкін


Грузия парламентіндегі "Грузин арманы" және оны қолдайтын фракциялар президенттің "шетел агенті" заңына қойған ветосын заң комитетінде қаралғаннан кейін еңсеруге ниеттеніп жатыр.

Болжаммен бұл мәселе бойынша дауыс беру 28 мамырда өтеді. Бұл жөнінде Азаттықтың грузин қызметіне парламенттік канцелярияға келіп түскен құжаттарға сүйеніп, парламент аппаратынан хабарланды.

20 мамырда ел премьер-министрі Ираклий Кобахидзе биліктегі партия Еуропа кеңесінің конституциялық құқық бойынша Венеция комиссияның қорытындысынан кейін құжатты талқылауға дайын болғанын, бірақ президент Саломе Зурабишвили заң жобасына вето қоюмен "талқы үшін барлық мүмкіндіктерді жапқанын" білдірді.

Грузияның Еуропа одағындағы бұрынғы елшісі, парламенттегі оппозициялық "Лело" фракциясының мүшесі Саломе Самадашвили президент "Конституцияға және елдің еуропалық бағытқа дамуына қарсы келген" заң жобасының бірқатар нормалары бойынша мәнсіз талқылауға қатыспай, дұрыс істегінін жеткізді.

Президенттің ветосын еңсеру үшін парламентте 76-дан астам дауыс берілуі керек. Осыған дейін заңға дауыс бергенде "Грузин арманы" және оны қолдайтын "Елдің күші" фракцияларының бірлескен дауысы 84-ке жетіп келген.

Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель, Франция басшысы Эмануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі, америкалық конгрессмендер тобы және Грузияның басқа әріптестері "елдің еуропалық бақытта дамуын сақтап қалу үшін" президент ветосын жоққа шығармауға шақырып жатыр.

XS
SM
MD
LG