Оған сәйкес, қорғаныс министрінен басқа барлық министрлер өз орындарын сақтап қалды. Қорғаныс министрі қызметіне Андрей Белоусов тағайындалды.
Белоусов думада сөз сөйлеп, алға қойылған бағыттардың бірі армияны толықтыру екенін айтып, алайда мобилизация жөнінде мәселе жоқ екенін жеткізді.
Жаңа министр бұдан бөлек қорғаныс министрлігі алдында армияны заманауи қару-жарақ, байланыс құралдары және дрондармен қамтамасыз ету мәселесі тұрғанын айтты.
Белоусов осыған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеген.
Бұдан бөлек дума Путиннің жақын досы Юрий Ковальчуктың ұлы Борис Ковальчукты Есеп палатасының басшысы қызметіне бекітті.
Жалпы министрліктердің 16 жетекшісінің бесеуі алмасты: өнеркәсіп және сауда министрі қызметіне Калининград облысы губернаторы Антон Алиханов, көлік министрі қызметіне Курск облысы губернаторы Роман Старовойт, спорт министрі қызметіне Хабаровск край губернаторы Михаил Дегтярёв, ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Оксана Лут және энергетика министрі қызметіне Кемеров облысы губернаторы Сергей Цивилев тағайындалды.