Ссылки доступа

Пашинян: Ресей Таулы Қарабақтағы міндеттерін орындамай жатыр 


Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта орналасқан орыс әскерін сынға алды. Оның сөзінше, Әзербайжан белсенділері Арменияны аймақпен байланыстыратын жалғыз жолды жапқаннан кейін олар ешқандай әрекет жасаған емес. 

Лачин дәлізі өткен аптадан бері қоршауда тұр. Белсенділер тобы армян билігі Таулы Қарабақта табиғи ресурстарды заңсыз өндіріп жатыр деп есептейді.

Пашинян үкіметтің бейсенбі күнгі отырысында аймақ гуманитарлық дағдарысқа тап болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, орыс әскері үш тарапты келісім аясындағы міндетін атқармай жатыр.

Әзербайжан билігі болса Лачин қоршауда қалмағанын, гуманитарлық көмек жіберіліп жатқанын мәлімдеді.

Бірнеше апта бұрын Пашинян ҰҚШҰ-ның Еревандағы саммитінде әріптестер Бакумен қақтығыста Ереванды қолдаған жоқ деп бірлескен мәлімдемеге қол қоюдан бас тартқан.

2020 жылдың күзінде алты аптаға созылған соғыс екі тараптан тең 6500-тен астам жауынгердің өмірін алып, Ресейдің араағайындығымен оқ ату тоқтатылған.

Әзери әскері 1990 жылдары айырылып қалған Таулы Қарабақтағы жерін қайтарып алған. Келісімге сәйкес, ол жерге Ресейдің бітімгерлік әскері орналасқан.

XS
SM
MD
LG