Ссылки доступа

Павел Дуров 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп жатыр


Париж прокуратурасы Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп жатқанын мәлімдеді.

Олардың арасында киберқылмыс, ақшаны заңдастыру және криптологиялық құралдарды алдын ала декларациядан өткізбей импорттау қылмыстары бар.

Мекеме сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ол төмендегі қылмыстық істердің аясында қамауға алынған:

— Ұйымдасқан топтардың заңсыз келісімін іске асыру үшін онлайн-платформаларды басқаруға қатысу;

— Құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша тергеуге қажетті мәліметтерді беруден бас тарту;

— Жасы кәмелетке толмағандармен түсірілген порнографиялық контентті сақтауға қатысу;

— Есірткі таратуға және сақтауға қатысу;

— Киберқылмыстарға қатысу;

— Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында алаяқтыққа қатысу;

— Ауыр қылмыс жасау мақсатында қылмыстық бітімге бару;

— Көлеңкелі ақшаны заңдастыру;

— Лицензиясыз криптологиялық қызметтер көрсету;

— Криптологиялық құралдарды алдын ала декларациядан өткізбей жеткізу;

— Ондай құралдарды импорттау.

Егер Дуров тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылса, ол ондаған жылдарға сотталуы мүмкін.

Ресейде туған Павел Дуров 2021 жылы Франция азаматтығын алған. Кейінгі жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрған, Telegram кеңсесі де сол елде орналасқан. Кәсіпкер Ресейден шамамен 10 жыл бұрын кеткен.

XS
SM
MD
LG