Агенттіктің жазуынша, Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары ракетаның жарылғанын хабарламаған, алайда ақпарат танымал сайттар мен әлеуметтік желілерде талқыланған. Кейін Қытай СІМ өкілі Bloomberg агентті тілшісімен сөйлескен кезде ақпаратты растаған.
"Чанчжэн-6А" ракетасы 18 интернет-спутникті шамамен 800 шақырым биіктікке шығару үшін 6 тамызда ұшырылған. Орбитадағы нысандарды қадағалаумен айналысатын Slingshot Aerospace компаниясы ракетаның апатқа ұшырағанын мәлімдеді. АҚШ әуе күштерінің мәліметінше, ол шамамен 300 бөлшекке бөлініп кеткен.
Bloomberg-тің жазуынша, жарылған ракета "ондаған жылдар ішіндегі ең ірі ғарыш қоқысы көзіне" айналған. Қытай СІМ "Пекин ғарыш қоқысымен күресуге көп назар аударады" деп сендіруге тырысқан.