Тәжікстанда президент күзгі әскерге қабылдау науқаны басталғанын жариялаған уақытта 18 жасқа толған жастар Ресейге қарай ағылады. Олар әскери комиссариаттағылар әскерге алып кете ма деп қауіптенеді.
Тәжікстандық Бекмұрод (есімі өзгертілді) тамыз айында Мәскеуге кеткен көп адамның бірі. Ол жақын уақытта елге оралғысы келмейді.
"Рейсте 300 адам болса, соның 70 пайызы жастар. Тәжікстанға 18 маусымда барғанмын. Елде 44 күн болдым. Әскерге шақырмаса, елде қысқа дейін қалушы едім" дейді ол.
Тәжікстанда күзгі әскерге қабылдау науқаны басталғаны 27 тамызда жарияланды. Жарлыққа қол қойылған күннен бастап қалалар мен аудандардағы комиссиялар жастарды әскерге әкете бастайтынын тәжікстандықтар жақсы біледі.
Құқық қорғаушылар тәжік жастарының армиядан неге қашатынының бірнеше себебін айтып отыр. "Азаматтық еркіндік кеңсесі" қоғамдық ұйымының басшысы Дилрабо Самадованың айтуынша, жастардың көбі армиядағы әлімжеттіккен қашады. Тәжікстан омбудсменінің мәліметінше, бір ғана 2023 жылы армияда 40 сарбаз қайтыс болған.