Ссылки доступа

Петербургта орталықазиялық азамат теракт туралы пікір жазғаны үшін қамауға алынды


Петербургта күш құрылымы өкілдері "Крокус-Сити" орталығындағы теракт туралы жаңалықтың астына шабуыл жасағандарды жақтап пікір жазған орталықазиялық мигрантты қамауға алған. Бұл жөнінде 78.ru агенттігі жазды.

Ақпаратқа қарағанда, полиция өкілдері оның мекен-жайын анықтап, ұстаған.

Оған қатысты "террористерді ашық ақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұсталған адамның кешірім сұраған видеосы жарияланды.

25 наурызда Петербургтың Пулково әуежайында Ереванға ұшып кетердің алдында Николай Конашенок атты азамат қамауға алынған. Ол Фейсбуктағы посттарының бірінде "Неге Кремль емес, "Крокус"? Шатастырып алдыңдар ма?" деп жазған.

Жұма күні кешке, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында камуфляж киген бірнеше адам жұртқа оқ жаудырған, ізінше ғимаратта жарылыс болып, өрт шықты. Кейінгі мәліметтерге сәйкес, шабуылдан 139 адам, оның ішінде үш бала мерт болған. Кем дегенде 180 адам зардап шеккен.

23 наурызда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі президент Владимир Путинге концерт залындағы шабуылға байланысты 11 адам ұсталғанын хабарлаған. Оның төртеуі шабуылға тікелей қатысты деп күдікке ілінген. Олар сауықтыру орталығына ақ түсті "Рено" көлігімен келіп, адамдарға оқ жаудырып, өрт басталғанда сол көлікпен кетіп қалған. Кейін Брянск облысында ұсталған. Құқық қорғау органдары қалған жетеуі терактіні әзірлеуге қатысы болуы мүмкін деп отыр.

XS
SM
MD
LG