Ссылки доступа

Әнші Манижа "Крокустегі" терактіден кейін видео үндеу жасады


2021 жылы Ресей атынан "Евроведение" ән байқауына қатысқан әнші Манижа "Крокус Сити Холдағы" терактіден кейін видео үндеу жасады.

"Жыл сайын жазда мен Душанбеде түратын әжеме баратын едім. Ол кез менің есімдегі ең әдемі демалыс еді. Әжем мені көп нәрсеге үйретті: "тамақты өзің жақтағы бөлігінен алып же". Тәжіктер палауды табақтан қолын созып жейді. Бұл сөздің мағынасы – "тағдырдың бергенін алып, момын бол, ешқашан өзіңе тиесілі емес нәрсені тартып алма" дегенді білдіреді.

Әжемнің дүниеден өткеніне биыл 14 жыл болды. Оның тәжіктерге, жалпы Орталық Азия тұрғындарына қарата жасалып жатқан кесапаттардың оны көрмей кеткеніне қуанамын. Мәскеуде болған терактіден кейін тәжік азаматтарына жасалып жатқан озбырлықты көрмей кеткеніне қуанамын.

Бұған қарамастан, әжем менің жүрегімде. Себебі, "адам өлтірушінің ұлты жоқ" дегп есептейтін көптеген желі қолданушылар арқылы әжем менімен сөйлесіп жатыр. Біз қандай жағдай болмасын адам болып қалуға міндеттіміз" деді әнші Манижа.

Әнші кемінде 143 адамның өмірін алған "Крокус Сити Холдағы" терактіден қаза болған адамдардың жақындарына көңіл айтты.

Бұдан бөлек ол SilSila қоры арқылы терактіден зардап шеккен адамдарға көмек беретін психологтардың тобын құрды.

XS
SM
MD
LG