Ссылки доступа

Ресейде адамдардың жаппай улануына байланысты тәжікстандық аспаз қамауға алынды


Мәскеуде сот тамақтан жаппай улану ісі аясында "Савон-К" компаниясының аспазы, Тәжікстан азаматы Карим Норматовты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Ол Ресей әуежайында ұсталған.

ТАСС агенттігі мәліметіне қарағанда, іс аясында сонымен бірге "Кухни на районе" компаниясы директоры Антон Лозин, сапасын бақылау бөлімін басшысы Елена Машкова және "Савон-К" компаниясы коммерциялық директоры Владимир Шин үйқамаққа алынды.

"Кухня на районе" сервисинен тапсырыспен алынған тамаққа уланған Мәскеудің 120-ден астам тұрғыны ботулизм күдігімен дәрігерге қайрылды. Олардың 50-ден астамы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылса, 20-сы жансақтау бөлімінде жатыр.

Адамдар ботулизм диагнозына шалдыққан жағдайлар Нижный Новгород және Қазан қалаларында да тіркелген. Роспотребнадзор мекемесі адамдардың улануына "Савон-К" компаниясы дайындаған консервіленген бұршақ себеп болғанын айтады. Ақпаратқа қарағанда, тексеруден кейін 172 тоннадан астам қауіпті азық сатылымнан алынған.

XS
SM
MD
LG