Күдіктілерге бұлтартпас шарасы 20-21 қыркүйекте анықталады. Бұл туралы ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйене отырып хабарлады.
Тергеу комитеті олардың бәрін қамауда ұстауды сұрап отыр.
19 қыркүйекте кешке Мәскеудің Басман аудандық соты алты адамды ұстау жөнінде шешім шығарды. Олар 18 қарашаға дейін қамауда отырады.
ТАСС дереккөзінің айтуынша, Владислав Бакальчукқа қатысты бұлтартпас шарасы 20 қыркүйекте мәлім болады. Бакальчукты 48 сағатқа ұстаған.
18 қыркүйекте Wildberries және Russ компаниялары маркетплейстің негізін қалаушылардың бірі Татьяна Бакальчуктың күйеуі Владислав қарулы күзетпен бірге Мәскеудегі кеңсеге кіруге талпынған. Атыс болған. Тергеу комитетінің хабарлауынша, жеті адам жараланған, олардың ішінде полицияның екі қызметкері бар. Екі адам қаза болған.
Владислав Бакальчук кеңсеге келіссөз жүргізуге келген уақытта оған шабуыл жасауға талпынды деп мәлімдеген.