Ссылки доступа

Түркіменстан: Конституция күні қарсаңында Ашғабадтан ішкі мигранттар шығарылып жатыр


Түркіменстанда Конституция және Мемлекеттік ту күндері, сонымен бірге ақын Мақтымқұлы Фрағидың 300 жылдыгына арналған іс-шаралардың алдында Ашғабадтан ішкі мигранттар шығарылып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлады.

"Аталған күндерге байланысты өтетін шараларға қатысу үшін елдің батыс аймақтарынан Ашғабадқа бюджеттік салада істейтін 500-ге жуық адам жөнелтілді. Керісінше ішкі мигранттар қаладан шығарылып жатыр", - деді тілші.

Түркіменстанда Конституция және Мемлекеттік ту күнін 18 мамырда атап өтеді.

"Билік Ашғабадта өтетін мәдени шаралардың аясында ішкі мигранттарды шетелдік меймандардың көзіне көрсетпеуді қалап жатыр. Полиция қызметкерлері қамалғандарға "елдің образын бұзып жатқанын айтып жатыр", - дейді Ашғабадтан шығарылған тұрғындардың бірі.

XS
SM
MD
LG