Ссылки доступа

Тәжікстанның Хожент қаласында қоғамдық көліктер тоқтап тұр


Хожентте қоғамдық көліктер жолаушылар тасуды тоқтатты.

Осыған дейін қалалық әкімдік өкілдері қаржылық проблема барын айтқан. Хожент қаласындағы "Жолаушыларды тасу" мемлекеттік компаниясы 2018 жылы Еуропа реконструкциялау және даму банкінен 26 миллион доллар көлемінде грант алып, жұмысын істеп жатқан.

Бірақ соңғы бірнеше аптадан бері Хожент көшелерінде кіші автобустар, жеңіл көліктер және таксилерден басқа бірде бір қоғамдық көлік жүрмеді.

Осыдан алты жыл бұрын Хожентке алынып келген 100 қоғамдық көліктің біреуі де жұмыс істеп тұрған жоқ.

Былтыр қыркүйек, қазан айларында айлық мәселесі кешіктіріліп, жүргізушілердің жұмысқа шықпай қалғаны белгілі болған. Қазір бұл мекемеде не болып жатқаны ашық айтылмайды.

XS
SM
MD
LG