Күдіктіге заңсыз қару сақтады, сериялық нөмірі өшірілген қару ұстады деген айыптар тағылған.
Палм-Бич прокурорының пікірінше, Рутқа экс-президент Трампқа қарсы қылмыс жасады деп айыптау қиынға соғады. Күдікті Трамптан 300-500 метр қашықтықта болған. Сол себепбі Руттың нақты бұрынғы президентті көздеді деу қиын.
Осы іске қатысты тыңдау 23 қыркүйекте өтеді.
Оқиға 15 қыркүйекте Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бичте гольф алаңында болған. Сол жерде Дональд Трамп гольф ойнап жүрген уақытта құпия қызмет өкілі бұтақ арасынан винтовканың басы шығып тұрғанын байқап, оқ атқан. Күдікті артынша ұсталған. Гольф алаңындағы бұтақ арасынан винтовка мен бейнекамера табылған.
Күдіктінің экс-президентке қастандық жасауға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Associated Press мәліметінше, 2020 жылы ол әлеуметтік желілерде Дональд Трампты қолдайтынын жазған, бірақ кейінгі уақытта Джо Байден мен Камала Харристі жақтап жүрген.