Ссылки доступа

Германия: Золингендегі шабуылға күдікті қамауға алынды


Германияның Карлсруэдегі Жоғарғы соты Золинген қаласындағы үш адамның өмірін алған шабуылға күдікті адамды қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Осыған дейін шабуылды мойнына алған 26 жастағы сириялық босқын Исса Әл полицияға өзі барып, бағынғаны айтылған.

The Associated Press жазғандай, полицияға келген сириялық осыған дейін неміс үкіметінен босқын мәртебесін сұраған.

23 тамызда Золинген қаласының 650 жылдық мерекесіне арналған фестиваль қатысушыларына белгісіз адам пышақпен шабуыл жасаған. Үш адам қайтыс болып, сегіз адам жарақат алған. Bild басылымы шабуыл жасаған адам ізін жасырып үлгергенін жазады.

Сенбі күні неміс полициясы Золинген қаласындағы оқиғаға байланысты 15 жастағы баланы қамады.

Spiegel басылымы ұсталған баланың қырғыз азаматы екенін жазған.

XS
SM
MD
LG