Ссылки доступа

Германия полициясы Әлішер Османовтың яхтасымен бірге 30 суретті тәркіледі


Германия полициясы ресейлік олигарх Әлішер Османовтың Dilbar яхтасындағы 30 суретті тәркіледі, деп хабарлады Süddeutsche Zeitung.

Майлы суреттердің жалпы құны кем дегенде 5 млн еуроға бағаланды. Олардың арасында Марк Шагал секілді танымал суретшілердің туындысы бар.

Суреттерді тәркілеу туралы шешім санкция қолдану жөніндегі заңға сай қабылданды. Османов елдегі активтері туралы Германия билігіне хабарлауы тиіс болған. Бұның құнды суреттерге де қатысы бар, алайда олигарх заң талаптарын орындамаған.

2021 жылғы күзде яхта Гамбургте толық жөндеуге түскен. Суреттер экспедитор компанияның қоймасында әлі сақтаулы тұр. 2022 жылғы сәуірде Германия полициясы яхтаны бұғатқа алды. Тергеушілер Dilbar'дың офшор компаниялары арқылы Османовтың әпкесі Гүлбахор Исмаиловаға тиесілі екенін анықтаған.

Қыркүйекте неміс полициясы Бавариядаға Терензея көлінде Османовтың зәулім сарайын тінтіді. Османов санкция заңдарын бұзды деп айыпталды.

Der Spiegel мәліметінше, миллиардерге салық заңдарын бұзды деген айып тағылуы мүмкін.

69 жастағы Османов Ресейдегі ең бай адамдардың бірі. Forbes журналының мәліметінше, оның байлығы 14,6 млрд еуроға бағаланды.

XS
SM
MD
LG