Ссылки доступа

АҚШ есебі: Тәжікстанда 400-ге жуық саяси тұтқын бар


Тәжікстанда адам құқығы жағдайы 2023 жылы да айтарлықтай өзгере қоймады. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде айтылды.

Баяндама авторлары ел президенті Эмомали Рахмон мен оның отбасы мүшелерінің шексіз билігінен саяси тұтқындар саны артып келеді деп атап өткен. Олардың арасында журналистер, құқық қорғаушылар бар. Есепте тұтқындағы азаматтарды азаптаған құқық қорғаушылардың жазасыз қалуы, сөз бостандығының шектелуі, интернетке шектеу қою секілді мәселелер де көтерілген.

Тәжікстан үкіметі болса, елде саяси тұтқынның барын теріске шығарады. Мемлекеттік департамент есебінде Тәжікстанда 400-ге жуық саяси тұтқынның бары айтылады.

Олардың көбі 2022 жылы Таулы Бадахшан автоном облысында болған қарсылық акциясына қатысқандар. Бұл наразылық акциясы күшпен басылды.

Тәжікстан билігі сол жылы осы өңірде "ұйымдасқан қылмыскерлерді ұстау" операциясын жүргізді. Өңір тұрғындары репрессияға қарапайым тұрғындардың да іліккенін айтқан.

Есепте президенттің шетелде қашып жүрген қарсыластарының ізін кесу оқиғасын да атап өткен. Мәселен, 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында 36 адам "экстремизм" және "терроризм" айыбы бойынша елге қайтарылған. Олардың бәрі ұзақ мерзімге сотталды.

Олардың арасында Исламның қайта өркендуі партиясының лидері Шамсиддин Саидовтың ұлы Абдулло бар. Ол "Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды" деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

XS
SM
MD
LG