Министрдің айтуынша, «Шығыс қалқан» бағдарламасы – «НАТО-ның 1945 жылдан бері шығыс шепті нығайту жөніндегі ірі операциясы». Польша шекараны нығайтуға 2,5 миллиард доллар аударады.
Шекара миналанып қана қоймай, онда әуе кеңістігін бақылайтын жүйелер де орнатылады.
Польша бас штабының басшысы Веслав Кукулдың айтуынша, миналарды шекараға орналастыру Польша «соғыс болатынына көзі жеткен жағдайда ғана» басталады.
Дүйсенбі күні Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский билік Ресей дипломаттарының елдегі қозғалысын шектейтінін мәлімдеген.
Украинада соғыс жүріп жатқандықтан, Польша мен Ресей қарым-қатынасы шиелесініп тұр. Соған қарамастан, тараптар дипломатиялық қатынасты доғарған жоқ.