Жергілікті басылымның жазуынша, наразылық білдірушілердің мұндай әрекетіне Беларусьтың авторитарлы лидері Александр Лукашенконың Армения жайында айтқан сөздері түрткі болған. Ол 20 тамызда Ресейдің "Россия" мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында "Армяндар бізден басқа кімге керек? Олар ешкімге керек емес. Өзінде не бар, соған қарап экономикасын дамытсын. Қандай Франция, қандай Макрон? Ертең Макрон болмайды – бәрі Арменияны ұмытады" деген еді.
Наразылық акциясын ұйымдастырушылар "Республика үшін" партиясының жақтастары болды. Олар билікке Беларусь елімен қарым-қатынсты үзуді талап ететін мәлімдеме дайындады. Оған "Еуропа дұрыс", "Еркін азамат" партиялары мен "Аспарез" клубының мүшелері қол қойды.